Қазақстан 2000 жылдан бастап мақсаты қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуы, ақпаратқа қол жеткізу, адам құқығын, оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған ортамен адам құқығын қолдау болып табылатын, Орхус конвенциясының қатысушысы болып табылады.

Аталған Конвенция 47 мемлекетпен ратификацияланды және 2001 жылдың қазан айында күшіне енді. Орхус конвенциясына қол қоюшылардың бірінші отырысында ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімдері (ЛШТТ) бойынша болашақ жұмысқа қатысты ұсыныстар дайындау үшін мақсатты топ құрылды. Екінші отырыста мақсатты топ өз қорытындыларын ұсынды және ЛШТТ бойынша ашық құрамды  үкіметаралық жұмыс тобын құруды ұсынды.

ЛШТТ туралы хаттама 2003 жылдың 21 мамырында Киевте өткен «Еуропа үшін қоршаған орта» Министрлердің бесінші конференциясының шеңберінде Орхус конвенциясы Тараптарының кезектен тыс отырысында қабылданды. 2017 жылғы жағдай бойынша ЛШТТ хаттамасы 36 мемлекетпен, оның ішінде Болгария, Польша, Молдова және Украина мемлекеттері, сондай-ақ  Африка, Латын Америкасы, Кариб бассейні елдері, Жапония, Канада, Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Қоғамдастығымен ратификацияланды.

Хаттама ЛШТТ туралы алғашқы заңдастырылған халықаралық құжат болып табылады. Мақсаты – жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру, ластануының алдын алуға және оны азайтуға үлес қосуға және жұртшылықтың қатысуына ықпал етуі болып табылады. ЛШТТ-ға атмосфераға, суға және жерге шығарылатын шығарындылар  туралы, сондай-ақ объектілерге өңдеу мен көму үшін ластауыш заттарды/қалдықтарды тасымалдау туралы ақпарат кіреді.

ЛШТТ қоршаған ортаны ластауды азайту бойынша деректерді хабарлаушы кәсіпорындарды ынталандыратын және мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізуде кең қоғамдық қолдауға табуға мүмкіндік беретін, жалпы мемлекеттік экологиялық саясаттың маңызды құралы болып табылады. Мемлекет орнықты дамуды қолдауда қоршаған ортаны қорғаудың ұзақ мерзімді ұлттық экологиялық мақсаттарын орната алады және ЛШТТ-ны осы мақсаттардың қаншалықты жақсы орындалатындығын объективті бағалауда маңызды құрал ретінде пайдаланылады.

ЛШТТ  хаттамасының талаптарына сәйкес, ЛШТТ Хаттамасының II-қосымшасында  86  ластауыш заттар мен заттар санаттары келтірілген.

II-қосымшаны дайындау барысында халықаралық-құқықтық актілермен реттелетін бірқатар заттар тізімі пайдаланылды:  КПОЗ /  Еуропалық ластауыш заттардың шығарындылар (ЕЛЗШ) тізіліміндегі заттар тізімі, су ресурстары туралы ЕО Негіздемелік нұсқаулығының басым заттар тізбесі, Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясы реттейтін негізгі заттар тізімі, Жойылуы қиын органикалық ластауыштар (ЖҚОЛ) туралы Стокгольм конвенциясымен реттелетін заттар, Халықаралық саудада жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын-ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы, Атлант теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің теңіз ортасын қорғау туралы конвенция, Кемелермен ластануды болдырмау туралы халықаралық конвенция және үлкен қашықтықтан ауаның трансшекаралық ластануы бойынша БҰҰ ЕЭК конвенциясы.

ЛШТТ хаттамасының  есеп беру талаптары сәйкес – есеп 86 зат бойынша тапсырылады, оның ішіне: ауыр металдар, парниктік газдар, канцерогендер және қышқылды жаңбыр тудыратын заттар кіреді.

Есеп берушілерге 64 қызмет түрі кіреді, атап айтқанда, мұнай өңдеу зауыттары, жылу электр станциялары, химиялық және тау-кен өнеркәсібі, қоқыс жағатын зауыттар, қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі және т.б.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі негізгі мақсаты ластауыштардан қоршаған ортаның тозуының алдын алуға ықпал ету үшін, жұртшылықтың ластауыш заттар шығарындылары мен тасымалдануы туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылатын  ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері  туралы хаттамасын ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдерді өткізуде.

ЛШТТ Хаттамасы Қазақстан Республикасының 2018-2020 жылдарға арналған Халықаралық шарттарды жасасудың перспективалық жоспарына енгізілген. ЛШТТ туралы Хаттаманы ратификациялаудың болжамды мерзімі- 2018 жыл.

Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдардан, жеке кәсіпкерлік субъектілерден оң қорытындылар алынды, сондай-ақ ғылыми, құқықтық  және заңнамалық сараптамалардың қорытындылары бар. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі комиссиясымен ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ЛШТТ хаттамасына қосылу және Хаттамаға сәйкес жарналар енгізу туралы ұсынысы мақұлданды.

2017 жылдың соңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ЛШТТ хаттамасын ратификациялау туралы Заң Жобасын әзірледі. Заң жобасы ҚР Энергетика министрлігінің сайтында, сондай-ақ «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Заң актілері туралы» № 480-V заңының 20-бабына сәйкес, заң жобасы Қоғамдық кеңеске қарастыруға жіберіліп, оң ұсынымдар алынды.

Бұдан басқа, 2013 жылдан бастап ірі табиғат пайдаланушылардан ЛШТТ бойынша пилотты түрде ақпарат жинау және жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сол жылы Ұлттық Орхус орталығының http://prtr.ecogosfond.kz/  интернет ресурсында сынамалы түрде ЛШТТ бойынша 5 ірі табиғат пайдаланушының  («Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Интергаз Орталық  Азия» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚазФосфат» ЖШС, «КазЦинк» ЖШС) есебі орналастырылды, 2016 жылдың өзінде 50 ірі табиғат пайдаланушы ЛШТТ бойынша ақпаратты ұсынды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының «Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына (2016 жылдың 8 сәуірдегі № 491-V) сәйкес Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне «Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімдері» жеке 160-бап енгізілді. Кодекстің 160-бабын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Энергетика Министрі (2016 жылдың 10 маусымындағы №241) бұйрығымен бекітілген  «Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімінің ережесі» (ЛШТМТ) әзірленді.

Осыған байланысты I-санаттағы объектілерге ие табиғат пайдаланушылары жыл сайын 1 сәуірге дейін http://prtr.ecogosfond.kz/  сайтына  орналастыруға арналған ЛШТМТ бойынша ақпаратты ұсынады.

2017 жылы ЛШТМТ бойынша  есептерін I санаттағы 778 табиғат пайдаланушы  ұсынды.  Барлық ақпарат жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

Сонымен қатар 2017 жылдың басына Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі  «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК  мен  ЮНИТАР бірлескен  «Қазақстан Республикасын ақпараттандыру және тарату, ЖҚОЛ бойынша есеп беру үшін құрал ретінде ЛШТТ-ны іске асыру бойынша жаһандық жобасы» жобасының шеңберінде  ЛШТТ-ны толық автоматтандыру мәселесі қарастырылды, атап айтқанда, веб-порталдың (ақпараттық жүйе) құрылуын қамтамасыз ететін, ЛШТТ онлайн-есептеме жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған веб-портал табиғат пайдаланушыларына ЛШТТ бойынша деректерін онлайн-режимде енгізуге мүмкіндік береді, ақпараттық ағым механизмін жеңілдетеді.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published.