Главная

Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы

 

 Ауаға, суға мен жерге шығарылатың ластаушы заттардың жердің қоршаған ортасына зиян келтіріп, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіреді. Соңғы бірнеше онжылдықтар ішінде, қышқаша ЛШТТ ретінде белгілі, Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тізілімі, химиялық заттарды басқару саласында маңызды жаңа құрал болды.

 ЛШТТ – атмосфераға шығарылатын, су мен топыраққа шығарылатын және өңдеу немесе жою үшін алаңнан тасымалданатын ықтимал қауіпті химиялық заттардың немесе ластаушылардың экологиялық деректер қорын көрсетеді.

 

ЛШТТ жүйесі үш негізгі элементтерден тұрады: құрылымдық дерек қоры; деректерді енгізу және жариялау үшін ақпарат алмасу желісі; және осы деректерді жалпыға қолжетімді ақпаратқа түрлендіру үшін тарату механизмі (мысалы, шығарындылар туралы есептер).

 

ЛШТТ шығарындыларды тікелей реттемейтініне қарамастан, ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдануы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатердің негізгі көздері туралы хабардарды арттырады, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысты шешімдерді қабылдауда қоғамға белсенді рөл атқаруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ірі ластағыштардың шығарындылары туралы ақпарат жариялау оларға жанама әсер етеді, бұл «таза» технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

One Response to Главная

  • Абсолютно с Вами согласен. Мне кажется это хорошая идея. Я согласен с Вами.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *